Реферат Курсовая Конспект
А қосымшасы - раздел Философия, ЭНЕРГЕТИКА А.1 Электромагниттік Индукция құбылысының М...
|
А.1 Электромагниттік индукция құбылысының максвеллдік және фарадейлік түсініктемелерінің арасында қандай айырмашылық бар? Кімнің тұжырымдамасы жалпыға ортақ?
А.2 Өткізгіш контурда уақытқа тәуелді өзгеретін магнит өрісінің әсерінен ЭҚК-і индукцияланады. Осы өткізгіш контурда электр зарядтарын қозғалысқа келтіретін қандай күш? Контур өріске қатысты қозғалмайды.
А.3 Неліктен электромагниттік индукцияның екі түрі бар деп айтады? Олар ортада және вакуумде қандай эффектілерге әкеп соғады?
А.4 біртекті магнит өрісіне орналасқан жіңішке сымнан жасалған жазық контурлар орналасқан (А.1 суретті қара). Өрістің бағыты сурет жазықтығына перпендикуляр, «бізге қарай» бағытталған. Өрістің индукциясын арттыра бастады. Контурдағы индукциялық токтардың бағытын анықтаңыз.
а) |
б) |
А.1 Сурет
А.5 Бір ұшынан бекітілген металл өзекше магнит өрісі жоқ кезде еркін тербеле алады, бірақ магнит өрісінде оның тербелістері тез өшеді. Неге? Осы құбылысты қайда пайдаланады?
А.6 Электр тізбегіндегі индуктивтіліктің механикалық қозғалыстағы массамен ұқсастығының физикалық себебін түсіндіріңіз.
А.7 Темір өзекшесі бар катушкаға жалпақ қалың алюминий сақина (себебі, алюминий жеңіл және меншікті кедергісі аз) кигізілген. Егер электромагниттің катушкасынан амплитудасы өзгермейтін айнымалы ток жіберсе, онда катушкаға кигізілген сақина ауада қалқып тұрады. Егер токты дереу ажыратсақ, онда сақина жоғары секіреді. Осы құбылыстарды түсіндіріңіз. Сақинаны ауада ұстап тұрған не? Сақинаның күйі қаншалықты орнықты?
А.8 Қозғалмайтын айналу осі болып табылатын I тогы бар түзу өткізгішті өткізгіш рамка айналады (А.2 суретті қара) . Ал рамка жазықтығы әрқашан да өткізгішпен бір жазықтықта болады. Осы кезде рамкада ток пайда бола ма?
А.2 Сурет
А.9 Вертикаль орналасқан катушканың үстінде металл дене бар. Егер катушкадан айнымалы ток жіберсе, дене қызады, ал тұрақты ток жіберсек, суық күйінде қалады. Неліктен?
А.10 Дөңгелек өткізгіш жазық контур индукциясы біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан. Мына жағдайларда контурда пайда болған токтың бағытын көрсетіңіз: а) контур созылады; б) контур сығылады.
a |
a |
I |
А.3 Сурет
А.12 Индуктивтілігі және кедергісі бар тізбек үшін уақыттық тұрақты L/R тең. Осы уақыт ішінде ток өзінің бастапқы мәнінің шамасына дейін кемиді. Осы шаманың өлшем бірлігі уақыттың өлшем бірлігі – секунда болатынын көрсетіңіз.
А.13 Тіктөртбұрышты рамка біртекті магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан. Ұзындығы l болатын рамканың бір қабырғасы өзіне параллель жылдамдықпен қозғалады. Лоренц күшін пайдалана отырып, индукцияның ЭҚК-і магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тең екенін көрсетіңіз.
А.14 Алюминийден жасалған денелерге магнит әсер етпейді. Егер де айнала алатын алюминий дискінің үстіне таға тәрізді магнитті жіпке іліп қойып айналдырсақ, онда дискі де айнала бастайды. Неге? Дискі қай бағытта айналады ? (Автомобильдің спидометрі осы принципте жұмыс істейді.)
А.15 Трансформатордың 1-ші орамынан уақыт бойынша тәуелділігі суретте көрсетілгендей ток өтеді (А.4 суретті қара). Трансформатордың 2-ші орамында пайда болатын индукцияның ЭҚК-ң уақытқа тәуелділігінің сапалық графигін көрсетіңіз. 1-ші орамдағы өздік индукция құбылысы ескерілмейді.
I |
t |
1 2 3 4 |
А.4 Сурет
А.16 Индуктивтігі L катушкадан өткен токтың уақытқа байланысты сызбасы (А.5 суретті қара), мұндағы - тұрақтылар. Катушкадағы өздік индукция ЭҚК-ң уақытқа тәуелділігінің сапалық графигін тұрғызыңыз. -ң тәуелділік сипатын көрсетіңіз.
I |
t |
t1 t2 t3 |
А.5 Сурет
А.17 Тізбекті t=0 уақыт мезетінде тұйықтайды (А.6 суретті қара). Тізбектегі ток күші I-ң және вольтметрдегі U кернеудің уақытқа байланыстылығының сапалық графигін тұрғызыңыз. (Катушканың кедергісі ескерілмейді)
V |
K |
R |
L |
А.6 Сурет
А.18. Тізбекті ажырату кезіндегі өздік индукцияның ЭҚК-ң пайда болу тәжірибесін көрсетуде келесі сызбаны пайдаланады (А.7 суретті қара). Тәжірибе сенімді болуы үшін, катушканың актив кедергісі мен шамның кедергісінің қатынасы және катушканың индуктивтігі қандай болу керек? Тізбектің әр түрлі параметрлері үшін (салыстырмалы түрде) тізбектегі токтың I(t) тәуелділігінің сапалық графиктерін тұрғызыңыз.
А.19 Тізбекті қосқан кездегі өздік индукцияның ЭҚК-ң пайда болу тәжірибесін көрсетуде келесі сызбаны (А.8 суретті қара) пайдаланады: тәжірибе сенімді болуы үшін, тізбек тармақтарының актив кедергілерінің қатынасы және катушканың индуктивтігі қандай болу керек? Кілтті қосқаннан кейінгі тізбектің тармақтарындағы токтың I(t) тәуелділігінің сапалық графигін тұрғызыңыз.
А.7 Сурет А.8 Сурет
А.20 Тұйық темір өзекшеге екі сым орамы оралған. Кернеуі U айнымалы ток көзі және сезімтал вольтметр болса, әр орамдағы орамдар санын қалай анықтауға болады?
А.21 Индуктивтігі L катушкадан суретте көрсетілген графиктегідей (А.9 суретті қара) уақыт бойынша өзгеретін ток өтеді. Осы график арқылы әр түрлі уақыт мезетіндегі өздік индукцияның ЭҚК-ң мәндерін қалай анықтауға болады? Қандай уақыт мезетінде ЭҚК ең үлкен мәнге ие, нөлге тең, оң, теріс болады? тәуелділік графигін құрыңыз.
А.9 Сурет
А.22 Тізбектің орнықты режимінде К кілтті ажыратса (А.10 суретті қара), L – R 1 - R 2 контурында азғантай уақыт ішінде ток жүреді, яғни R1, R2 өткізгіштерде джоульдық жылу бөлінеді. Жылу қандай энергияның есебінен бөлінеді? Бөлінген жылу мөлшерін қалай есептеуге болады?
А. 10 Сурет
А.23 Коаксиал кабель радиусы а ішкі тұтас өткізгіштен және сыртқы радиусы b өткізгіш жұқа қабырғалы түтіктен тұрады. Токтың ішкі өткізгіштің қимасы бойынша таралуын біркелкі деп есептеп, кабельдің ұзындық бірлігінің индуктивтілігінің формуласын шығарыңыз. (Бұл жағдайда индуктивтілікті магнит өрісінің энергиясы арқылы анықтаңыз. Магнит ағыны арқылы анықтауға болмайды, себебі ішкі өткізгіш жұқа емес). Магнит өтімділігі барлық жерде бірге тең.
А.24 Егер индуктивтігі L соленоидты асқын өткізгіш жағдайында тұрақты ЭҚК-і бар ток көзіне жалғаса, соленоидтағы ток қандай заң бойынша өзгереді? I(t) тәуелділік формуласын алыңыз, графигін тұрғызыңыз.
А.25 I тогы бар шексіз түзу өткізгіштің магнит өрісінде токқа перпендикуляр жылдамдықпен ұзындығы l екінші өткізгіш қозғалады (А.11 суретті қара). l өткізгіш әрқашан I тогымен бір жазықтықта және оған параллель болады. l өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырмасын тогы бар өткізгішке қатысты орналасуының функциясы ретінде анықтаңыз. Осы потенциалдар айырмасының тұрақты болуының шарттары қандай?
А.11 Сурет
А.11 Сурет
А.26 Екі дөңгелек орам (электрлі байланыспаған) бірінен кейін бірі орналасқан және сіз олардың центрлерін қосатын сызық бойымен қарап тұрсыз. Жақын тұрған орамға батарея қосылса, одан өткен ток сағат тіліне қарсы жүреді. а) екінші орамда пайда болған индукциялық токтың бағыты қандай? б) токтың жүруі қанша уақытқа созылады? в) 1) өткізгіштің 2) орамдардың диаметрлерін екі есе үлкейтсек, индукциялық токтың ұзақтығы қалай өзгереді?
А.27 Біртекті магнит өрісінде қабырғалары а және 2а бірдей сымнан жасалған квадрат пішінді екі жазық контур орналасқан. Контурлардың жазықтығы векторына перпендикуляр. Магнит өрісі заңы бойынша кемиді, мұндағы b – оң тұрақты. Әр катушкада пайда болған ЭҚК-ң уақытқа байланысты сапалық графигін құрыңыз. t уақыт мезетінде контурлардағы токтың сандық мәндерін салыстырыңыз
ЕСЖ № 5 - №5 модуль бойынша ЕСЖ тапсырмаларының нұсқалары.
2 кесте. № 5 есептік-сызба жұмыстың мақсаты- тербеліс пен толқындар бөліміндегі есептерін шығару арқылы теориялық білімдерін көрсету.
деңгей | нұсқа | Т.С.Байпақбаев, М.Ш.Қарсыбаев/ Тербелістер мен толқындар,квант тық механика, атомдық және ядролық физика. Алматы 2002 ж | В.С.Волькенштейн. /Жалпы физика есептер жинағы. Мектеп.-Алматы 1974 ж. | Б қосымшасы |
А | 1.2, 2.5, 2.20 | 14.12 , 16.13 | ||
1.3, 2.3, 2.22 | 14.13 , 16.9 | |||
1.4, 2.2, 4.41 | 12.44, 16.19 | |||
1.5, 2.1, 4.42 | 12.45 , 16.20 | |||
1.10, 2.6, 2.31 | 14.20 , 16.32 (д) | |||
1.11, 2.7, 2.32 | 14.21 , 16.30 | |||
1.13, 2.16, 2.33 | 14.22, 16.29 | |||
2.27, 2.60 | 12.10 , 12.50 , 16.15 | |||
2.4 , 2.29, 3.1 | 12.9 , 16.16 | |||
2.14 , 2.30, 3.2 | 12.38, 16.17 | |||
Б | 1.14, 2.50, 3.13 | 12.47, 16.22 | ||
1.17, 2.48, 3.14 | 12.48, 16.2 | |||
1.18, 2.47, 3.15, 4,55 | 12.49 | |||
1.19, 2.34, 4.56, 3.16 | 12.52 | |||
2.18, 2.35, 3.17, 4.57 | 12.22 | |||
2.17, 2.38, 4.33, 4.45 | 16.38 | |||
2.44, 3.22, 4.40, 4.53 | 16.33 | |||
2.45, 3.20, 4.34, 4.44 | 16.11 | |||
1.12, 2.10, 2.24, 4.35 | 16.44 | |||
1.15, 2.11, 2.23,4 .50 | 16.58 | |||
2.25, 2.62, 3.11 | 12.18 , 16.34 | |||
2.26, 2.51, 3.12 | 12.19, 16.42 | |||
С | 2.36 , 3.18, 4.59 | 12.25, 12.37 | ||
2.16 , 2.39 , 3.19 | 12.29 , 16.25 | |||
2.13 , 2.52, 3.21 | 12.36 , 16.26 | |||
2.9 , 2.28, 4.54 | 14.10 , 16.28 | |||
2.12, 2.27, 4.65 | 14.11 , 16.35 |
Б Қосымшасы
Б.1 Табиғаты әр түрлі гармоникалық тербелістердің математикалық сипаттамаларының ұқсастықтарын көрсетіңіз: тербелістің дифференциалдық теңдеуі, оның шешімі, жүйені сипаттайтын физикалық шамалар, олардың графиктері.
Б.2 Бөлшек амплитудасы А және периоды Т гармоникалық тербеліс жасайды. Бөлшектің 1) х=0 ден х=А/2 жағдайына; 2) х=А/2 жағдайынан х=А-ға дейін ығысқандағы уақытын анықтаңыз. Тербелістің графигін сызып, көрсетілген уақыт аралығын белгілеңіз.
Б.3 Лиссажу фигуралары деген не? Олар қандай жағдайда байқалады? Лиссажу фигураларының кескіні неге тәуелді және осы қисықтардан тербелістің қандай сипаттамаларын анықтауға болады? Мысал келтіріңіз.
Б.4 Апериодты процесс деген не? Ол қандай жағдайда байқалады? Критикалық өшу қай жерде қолданылуы мүмкін?
Б.5 Біз неге қасымыздағы адамның әңгімесін тыңдап, актерлардың даусы мен ән салғанын, сазды аспаптардың үнін естиміз? Неліктен адамның даусы саусақтың іздері сияқты анық?
Б.6 Егер жарық диэлектрик бетке Брюстер бұрышымен түсіп, полярланса, онда беттен шағылған жарықтың интенсивтілігі 1) сәуленің түсу жазықтығына перпендикуляр жазықтықта; 2) түсу жазықтығында қандай болады?
Б.7 Гармоникалық тербеліс кезінде тербеліс периодына тең уақыт ішінде квазисерпімді күштің А жұмысы неге тең болады? Жауабын түсіндіріңіз. Нәтиженің салдары қандай?
Б.8 Егер берілген дене толқынға бөгет болып табылса, сәуле шығарудың толқын ұзындығы қандай болады? Мына жағдайлар үшін: 1) , 2) , 3) толқынның таралу бейнесін салыңыз.
Б.9 Интерференцияны неліктен екі лазер көзінен бақылауға болады, ал неге екі электр шамынан алуға болмайды? Осындай жарық көздерінен тарайтын жарықтың толық сипаттамаларын беріңіз.
Б.10 Оптиканы жандандырудың мәні неде? Жандандырылған линзалар қай жерлерде қолданылады?
Б.11 Гармоникалық тербелістің амплитудасы мен бастапқы фазасы неге тәуелді? Мысал келтіріңіз, алынған нәтижелерді формулалар мен графиктерді қолданып, талдаңыз.
Б.12 Ығысу амплитудасы (заряд) мен жылдамдықтың (ток) резонанстық қисықтарын салып, талдаңыз. Олардың айырмашылықтары неде? Осы айырмашылықтардың себебін түсіндіріңіз.
Б.13 Ұлы әнші тенор Энрико Карузо бар даусымен жоғары нотаны алғанда, шыны бокал шытынайды екен. Мұны қалай түсінуге болады?
Екі саңылаудан өткен
0 А В С х |
Б.1 Сурет
интерференциялық картинаның қандай да бір жерінде қызыл жарықтың минимумы орналасқан. Ал көк жарық үшін қандай болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Б.14 ығысудың уақыттың қандай да бір мезеті үшін графигі берілген (Б.1 суретті қара). Графиктің астына (х үшін де осы масштабты сақтаңыз) осы уақыт мезеті үшін энергия тығыздығының графигін тұрғызы
Б.15 Көлденең және қума толқындар. теңдеуі осы толқындардың қайсысын сипаттайды? Неге? шамасының мағынасын түсіндіріңіз. және тәуелділіктерін талдаңыз.
Б.16 х осі бойымен таралған толқын бөлшектерінің ығысуының “моментальді” фотосуреті берілген (Б.1 суретті қара). Тербелісі сурет жазықтығында өтетін қума және көлденең толқын үшін
А, В және С нүктелерінде бөлшектің жылдамдығының бағытын көрсетіңіз. Екі жағдайда В нүктесінде бөлшектің жылдамдығы неге тең болады?
Б.17 ығысудың уақыттың қандай да бір мезеті үшін графигі берілген (Б.1 суретті қара). 1) А және С, 2) 0 және В нүктелерінде кинетикалық, потенциалдық және толық энергиялардың тығыздықтары неге тең (нөлге, нөлден өзгеше, максимал)? Осы нүктелерде энергия ағыны тығыздық векторы қайда бағытталған және неге тең?
Б.18 Жазық электромагниттік толқынның электр өрісі заңымен өзгереді: а) -ң өзгеру заңын жазыңыз. шамасы мен бағытын; б) толқынның таралу бағытын; в) Пойнтинг векторының шамасы мен бағытын анықтаңыз.
Б.19 Неге вино бокалының шетінен ылғал саусақпен сырғып өтсең, ол “ән салғандай” болады? Бокалдың дыбыс шығаруының себебі не және саусақ неліктен ылғал болуы керек? Бокал бөлшектерінің тербелісі қандай тербеліс: қума ма, көлденең бе?
Б.20 Геофизиктерге Жердің сұйық ядросының бар екендігі туралы қорытынды жасауға серпімді толқындардың қандай қасиеті және қалай көмектесті?
Х |
t |
Б.2 Сурет
теңдеуімен сипатталады. А және w шамаларын белгілі деп есептеп, екінші тербелістің теңдеуін жазыңыз. Тербелістердің қайсысы үлкен энергияға ие, қанша есе?
Б.22 түріндегі теңдеу нені сипаттайды, мұндағы – қандай да бір функция, және – тұрақтылар? Мысалдар келтіріңіз. және s w:ascii="Cambria Math" w:h-ansi="Cambria Math"/><wx:font wx:val="Cambria Math"/><w:i/><w:sz w:val="28"/></w:rPr><m:t>∂</m:t></m:r><m:r><w:rPr><w:rFonts w:ascii="Cambria Math" w:h-ansi="Cambria Math"/><wx:font wx:val="Cambria Math"/><w:i/><w:sz w:val="28"/><w:lang w:val="EN-US"/></w:rPr><m:t>k</m:t></m:r></m:den></m:f></m:oMath></m:oMathPara></w:p><w:sectPr wsp:rsidR="00000000"><w:pgSz w:w="12240" w:h="15840"/><w:pgMar w:top="1134" w:right="850" w:bottom="1134" w:left="1701" w:header="720" w:footer="720" w:gutter="0"/><w:cols w:space="720"/></w:sectPr></w:body></w:wordDocument>"> шамаларының физикалық мағыналары қандай?
Б.23 Y осі бойымен таралатын жазық монохроматты электромагниттік толқынның теңдеуін жазыңыз. Осы электромагниттік толқындағы және векторларының бір-біріне қатысты орналасуын суретте көрсетіңіз. Бұл көрініс толқынның қандай қасиеттерін көрсетеді? векторларының тербелістерінің жиілігі, олардың бастапқы фазалары жөнінде не айтуға болады? Табиғи жарық толқыны дегеніміз не? Жарық толқынының қасиеттерін сипаттаңыз.
Б.24 Пластмассадан жасалған беттік поляроидтық жапқыш қабаттар бастапқы кезде автомобиль фарларына арналып, яғни қарсы кездескен автомобиль жүргізушісінің көздерін шағылыстырмау үшін жасалды. Ол қалай жасалады және поляроидты қалай бағыттаған дұрыс болады? Қарсы кездескен машина бәрібір көріну үшін біраз жарық жапқыш қабаттан өту керек екенін ескеріңіз.
Б.25 Мысал ретінде тығыздығы бар тұрақты ток жүретін біртекті өткізгіштің бөлігі үшін Пойнтинг векторы ұғымын қолданып, электромагниттік өрістің энергия ағынының шамасын тауып, энергия тасымалының бағытын анықтаңыз.
Б.26 Пойнтинг векторы, оның мағынасы. Мысал ретінде тығыздығы бар тұрақты ток жүретін біртекті емес (бөгде күштердің өрісі бірдей, өткізгіштің бөлігі үшін электромагниттік өрістің энергия ағынының шамасын тауып, энергия тасымалының бағытын анықтаңыз.
Б.27 Суда табанының ауданы S және биіктігі Н параллелепипед тәрізді мұз жүзіп жүр. Мұзды суға кішкене х0 тереңдікке батырып, қайтадан қоя береді. Судың кедергісін ескермей, оның тербелісінің периодын анықтаңыз. Егер судың кедергісі жылдамдыққа пропорционал болса, тербеліс периоды қалай өзгереді? Екі жағдай үшін мұздың x=x(t) қозғалыс заңдарын жазыңыз.
ЕСЖ № 6 - №6 модуль бойынша ЕСЖ тапсырмаларының нұсқалары.
3 кесте. № 6 есептік-сызба жұмыстың мақсаты- жүлулық сәулелену және кванттық физика бөліміндегі есептерін шығары арқылы теориялық білімдерін көрсету.
Деңгей | Нұсқа | Т.С.Байпақбаев, М.Ш.Қарсыбаев Тербелістер мен толқындар, кванттық механика, атомдық және ядролық физика. Алматы 2002 ж | В.С.Волькенштейн. Жалпы физика есептер жинағы. Мектеп.-Алматы.,1974. | В қосымшасы |
А | 5.22, 6.1, 7.1, 7.23 | 18.1, 21.3 | 5, 28 | |
5,21, 6.2, 7.2, 7.24 | 18.2, 21.6 | 6, 29 | ||
5.20, 6.3, 7.3, 7.21 | 18.3, 21.10 | 8, 30 | ||
5.19, 6.5, 7.4, 7.22 | 18.4, 21.17 | 9, 31 | ||
5.23, 6.6, 7.7, 7.25 | 18.16, 21,16 | 1, 32 | ||
5.2, 5.28, 7.8(1), 7.3 | 19.36, 21.6 | 7, 33 | ||
5.3, 5.29, 7.8(2), 7.32 | 19.37, 21.32 | 10, 34 | ||
5.4, 5.34, 7.17(1), 7.33 | 19.39, 21.33 | 4, 35 | ||
5.6, 5.37, 7.10, 7.34 | 19.41, 21.34 | 3, 36 | ||
5.16, 5.45, 7.11, 7.41 | 19.36, 22.3 | 2, 37 | ||
В | 5.15, 5.52, 7.46, 7.45 | 20.4, 21.16 | 13, 38 | |
5.43, 6.15, 7.50, 7.58 | 18.11, 21.12 | 14, 39 | ||
5.44, 6.16, 8.14, 8.36 | 18.12, 20.2 | 12, 40 | ||
5.47, 6.17, 8.13, 8.35 | 18.13, 20.3 | 18, 41 | ||
5.49, 6.18, 8.19, 8.34 | 18.15, 20.4 | 15, 42 | ||
5.51, 5.19, 8.25, 8.51 | 18.17, 20.5 | 19, 43 | ||
5.17, 5.26, 8.22, 8.56 | 19.34, 20.8 | 11, 44 | ||
5.35, 6.36, 7.16, 7.47 | 18.9, 22.21 | 21, 45 | ||
5.36, 6.33, 7.13, 7.39 | 18.10, 22.32 | 20, 46 | ||
5.52, 6.34, 7.19, 7.40 | 18.14, 22.33 | 22, 47 | ||
5.53, 6.35, 7.49, 7.59 | 18.18, 22.28 | 16, 48 | ||
5.54, 6.31, 7.14, 7.48 | 18.19, 22.20 | 17, 49 | ||
С | 5.48, 6.19, 7.18, 7.26 | 18.20, 22.37 | 23, 50 | |
5.56, 6.20, 7.20, 7.30 | 18.21, 22.36 | 24, 51 | ||
5.41, 6.28(2), 7.6, 7.29 | 18.22, 22.42 | 25, 52 | ||
5.18, 5.32, 7.5, 7.27 | 18.9, 22.41 | 26, 53 | ||
5.12, 5.46, 7.9, 7.28 | 19.40, 22.40 | 27, 54 |
В қосымшасы
В.1 Рэлей-Джинс формуласы қандай функцияны сипаттайды? Қандай толқын ұзындығында ол экспериментпен сәйкес келеді? Неге Рэлей-Джинс таралуынан «ультракүлгіндік қирау» туралы қорытынды жасалынды?
В.2 Қара дененің r (w,Т) сәуле шығару қабілетінің w жиілікке тәуелділік сызбасын салыңыз. Осы тәуелділік арқылы сәуле шығарушы дененің температурасын қалай есептеуге болады? Есептеу негізінде қандай заңдарға сүйенесіз?
В.3 Фотоэлементтің вольт-амперлік сипаттамасын түсіндіріңіз. Оның көмегімен катод бетінен жарықтың әсерінен бірлік уақытта шыққан электрондардың N санын қалай анықтауға болады? Ол үшін фотокатодтың қандай параметрлерін білу қажет?
В.4 В.Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасының (координата мен импульстің проекциясы үшін) физикалық мәні неде? Бір мезгілде осы шамалардың қайсысы дәл анықталады?
В.5 Комптон эффектісі деген не? а) Комптон эффектісіне арналған формуладағы Dl шамасының заттың табиғатына байланысты емес екенін; б) сейілген сәуле шығаруда ығыспайтын құраушының болатынын түсіндіріңіз.
В.6 анықталмағандық қатынасының мағынасын түсіндіріңіз. Оның растығын мысалмен дәлелдеңіз.
В.7 Бір өлшемді кванттық гармоникалық осциллятордың энергетикалық спектріне арналған формуланы жазыңыз, осы спектрді кескіндеңіз. Неліктен оның минимал энергиясы нөлге тең болмайтынын түсіндіріңіз.
В.8 Электромагниттік сәуле шығарудың корпускула-толқындық дуализмінің мәні неде? Электромагниттік сәуле шығарудың толқындық және корпускулалық сипаттамаларын байланыстыратын формулаларды жазып, түсіндіріңіз. Осы қатынастардың қайсысы - жалпы, қайсысы – жеке қасиеттерін сипаттайды?
В.9 Туннелдік эффектінің мәні қандай және оның неге классикалық механика шеңберінде болуы мүмкін емес? Бөлшектердің потенциалдық тосқауыл арқылы өтуін тәжірибе жүзінде қандай құбылыстар дәлелдейді? Потенциалдық тосқауылдың D мөлдірлік коэффициентіне анықтама беріңіз. W<U жағдайда бөлшектің потенциалдық шұңқыр арқылы өтуі энергияның сақталу заңына қайшы келмей ме?
r(l, T) |
l |
В.11 Абсолют қара дененің сәуле шығару спектрінде, Т температурада аудандары DS1=DS2 болатын екі бөлік алынды (В.1 суретті қара). Dl1 және Dl2
В.1 Сурет
– аймақтарға сәйкес келетін орташа сәуле шығарғыштық қабілеті мен сәуле шығарудың энергетикалық жарқырауын салыстырыңыздар. Сәуле шығару кванттары бірдей бола ма?
В.12 Бір суретке тепе-теңдік жылулық сәуле шығарудың энергетикалық жарқырауының r (λ, Т) спектрлік тығыздығының толқын ұзындығына тәуелділік сызбаларын әр түрлі Т1 < Т2 < Т3 температуралары үшін көрсетіңіз .
Жоғары температураға өткен сайын r (λ, Т)-ң қисықтық тәуелділігінің барлық өзгерістерін сипаттаңыз (абсолют қара дененің жылулық сәуле шығару заңдарын). Бұл қисықтар неліктен қиылыспайды?
В.13 Фотоэффект кезіндегі Uтеж тежеуіш потенциалдың бетке түскен w сәуле жиілігіне тәуелділігінің сапалық графигін кескіндеңіз. Катод материалының осы қисықтарға қалай әсер ететінін талдаңыз (әр түрлі фотокатодтар үшін екі график тұрғызыңыз). Осы байланыстан қандай тұрақтыны және қалай алуға болады?
В.14 19 ғасырдың аяғында физик Х.Лоренц “өшкен пеш үлкен толқын ұзындықта сәуле шығара отырып, көгілдір сәуле шығармайтынын классикалық физика теңдеулері арқылы түсіндіруге болмайтыны” туралы қорытынды жасады. Осы қорытындының негізі неде? Бұл қиындықты кім және қалай шешті?
В.15 Фотоэффектінің шекаралық жиілігінің болуы неге жарықтың толқындық емес, корпускулалығын дәлелдейтінін түсіндіріңіз. Фотоэффектінің басқа қандай заңдылықтары жарықтың толқындық теориясымен түсіндірілмейді?
В.16 Комптон эффектісі электромагниттік сәуле шығарудың корпускулалық қасиетін дәлелдейтінін көрсетіңіз. Көрінетін жарық шашырағанда Комптон эффектісі неге байқалмайды?
В.17 Фотоэлементтің «қанығу фототогы» деген не? Берілген фотоэлементтің Iқан қанығу фототогы а) жарық ағынының шамасына; б) түскен жарық толқынындағы электр өріс кернеулігіне қалай тәуелді? Осы тәуелділіктердің (сапалық) графиктерін кескіндеңіз.
В.18 Егер: а) толқынның спектрлік құрамын өзгертпей, оның толық жарық ағынын екі есе арттырса; б) фотон ағынын өзгертпей, монохроматты жарық жиілігін екі есе арттырса, фотоэлементтің вольт-амперлік сипаттамасы қалай өзгереді? Сипаттамаларды графикте салып, оларды түсіндіріңіз.
В.19 Бір өлшемді кванттық гармоникалық осциллятордың энергетикалық спектрін графиктік түрде салып, түсіндіріңіз. Неліктен оның минимал энергиясы нөлге тең болмайды?
В.20 Сутегі атомының энергетикалық спектрін графиктік түрде салып, түсіндіріңіз. Оптикалық спектрін сипаттаңыз: сериялардың және осы спектрдегі жеке сызықтардың пайда болуы.
В.21 Шредингер теориясы бойынша сутегі атомының электрон күйін сипаттайтын толқындық функция қандай кванттық сандарға тәуелді? Мүмкін болатын кванттық сандарды көрсетіңіз және олардың әрқайсысы нені анықтайды? Кванттық сандардың толық жүйесі нені сипаттайды? Бөлшектің спині деген не?
В.22 Шексіз терең потенциалды шұңқырда электронның W энергиясы дәл анықталды. Яғни, электронның импульсінің (р2=2mW) квадраты да анықталды. Бір жағынан, электрон сызықтық өлшемдері шектелген аймақта орналасқан. Бұл анықталмағандық қатынасқа қайшы келмей ме?
В.23 Анықталмағандықтар қатынасын пайдаланып, бір өлшемді кванттық гармоникалық осциллятордың нөлдік тербелістерінің энергиясын бағалаңыз. Алынған нәтижені Шредингер теңдеуінен шығатын шешіммен салыстырыңыз.
В.24 Бөлшектің энергиясы мен импульс моменті қалай квантталады (кванттық сандарды сипаттаңыз)? «Потенциалдық шұңқырдың пішіні» энергияның квантталуына қалай әсер етеді?
В.25 Фотондардың зат бөлшектерімен (электрондармен) өзара әсерлесу процесі үшін энергия мен импульстің сақталу заңдарын жазыңыз. Бұл заңдардың оптикалық фотондар, рентген және γ-сәуле шығару үшін қолдану ерекшеліктері қандай?
В.26 Егер фотон ағынын өзгертпей, монохроматты жарық жиілігін екі есе арттырса (кемітсе), фотоэлементтің вольт-амперлік сипаттамасы қалай өзгереді? Сипаттамаларды графикте салып, түсіндіріңіз.
В.27 Жылулық сәуле шығару үшін Кирхгофтың заңын жазыңыз. Жасыл түске боялған, көрінетін спектрдің қызыл бөлігін жұтатын дене Кирхгоф заңына сәйкес, спектрдің қызыл толқын ұзындықтағы сәулесін шығармайды? Жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз.
В.28 Жартылай өткізгіштердегі ішкі фотоэффектінің механизмін қарастырыңыз. Токтың фототасымалдаушыларының концентрациясы неге тәуелді? Ішкі фотоэффект қай жерде қолданылады?
В.29 Меншікті және қоспалық жартылай өткізгіштердегі ішкі фотоэффектінің қызыл шекараларының айырмашылықтары қандай? Осы жартылай өткізгіштер үшін электрондардың энергетикалық спектрінің сызбасын сызыңыз. Ішкі фотоэффектінің қызыл шекараларын анықтайтын формулаларды жазыңыз.
В.30 Фотокедергі. Фотокедергінің жұмыс істеу принциптері және оның қолданылу аймақтары.
В.31 Ядро құрамына кіретін протондар мен нейтрондардың саны қалай анықталады? Протондар мен нейтрондардың негізгі сипаттамаларын атаңыз.
В.32 -ыдырау. Оң ядрода теріс зарядталған бөлшектердің пайда болуын түсіндіріңіз.
В.33 Химиялық элементтердің ядроларының орнықтылығы неге тәуелді? Қандай ядролар берік болып келеді, неліктен?
В.34 Масса ақауы деген не? Ядроның байланыс энергиясы, меншікті байланыс энергиясы деген не? Ядроның орташа меншікті байланыс энергиясын атомдағы электронның байланыс энергиясымен салыстырыңыз, қорытынды жасаңыз.
В.35 -бөлшек деген не? Оның қасиеттері қандай? -ыдыраудың сызбасын жазып, оның негізгі заңдылықтарын тұжырымдаңыз. Қандай жағдайда биіктігі оның толық энергиясынан үлкен потенциалды тосқауылдан өте алады?
В.36 γ-сәуле шығару деген не, оның қасиеттері қандай? γ-сәуле шығару заттан өткенде қандай құбылыстар болады және олардың мәні неде?
В.37 β-бөлшек деген не? β-ыдыраудың қандай түрлерін білесіз? β-радиоактивті ыдыраудың сызбаларын жазып, оларды түсіндіріңіз.
В.38 Табиғатта өзара әсерлесулердің қандай негізгі түрлері кездеседі және оларды қалай сипаттауға болады? Олардың қайсысы әмбебап болып табылады?
В.39 Металдар өткізгіштігінің формуласын классикалық және кванттық теория үшін салыстырыңыз. Олардың математикалық ұқсастығынан бөлек, негізгі принципті айырмашылығы қандай?
В.40 Екі валентті металдардың (алюминий, мыс, берилий және т.б.) валенттік зоналары түгел толтырылған болса да, олардың жақсы өткізгіш бола алатынын зоналық теория тұрғысынан түсіндіріңіз. Металдағы электрондардың энергетикалық спектрінің схемалық құрылымын салыңыз.
В.41 Электрондардың металдан А шығу жұмысына анықтама беріңіз. Шығу жұмысының шамасы неге тәуелді? Шығу жұмысын классикалық және кванттық физика негізінде түсіндіруде қандай айырмашылық бар?
В.42 Жартылай өткізгіштер мен металдардың электр өткізгіштіктерінің температуралық тәуелділіктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Жауабыңызды формула мен графиктерді қолданып, түсіндіріңіз.
В.43 р-n ауысу деген не? Оның қасиеттері. р-n ауысудың ВАС-сын салып, оны түсіндіріңіз.
В.44 а) таза жартылай өткізгіштер; б) қоспалық жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштіктерінің температуралық тәуелділіктерін талдаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз, қоспалық жартылай өткізгіштердің қолдану шарттарын көрсетіңіз.
В.45 Бөліну реакциясының мәні неде? Тізбекті реакция дегеніміз не?
В.46 Ядролық және электромагниттік күштердің қасиеттеріне салыстырмалы түрде талдау жасаңыз. Олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
В.47 Радиоактивті препараттың массасының уақыт бойынша өзгеру заңын қорытыңыз.
В.48 Радиоактивті ыдырау жылдамдығын жартылай ыдырау периоды мен атомдардың бастапқы саны арқылы жазыңыз.
В.49 Нейтронның электр заряды болмаса да, оның теріс меншікті магнит моменті бар, ал протонның меншікті магнит моменті электронның магнит моментінен 660 есе аз. Мұны қалай түсіндіресіз?
В.50 Ядролық өзара әсерлесудің механизмі неліктен алмасу түрінде өтеді? Мұндай өзара әсерлесуге қандай бөлшектер қатысады? Күшті өзара әсерлесудің сызбасын жазыңыз. Бұдан басқа алмасатын өзара әсерлердің мысалын келтіріңіз.
В.51 Ядролық реакцияларды талдауда қандай физикалық заңдар маңызды болып есептеледі? Олардың әрқайсысының қолданылуын түсіндіріңіз. Ядролық реакцияның энергиясы (энергетикалық шығыс) деген не?
В.52 Ядролық реакция деп нені айтады? Ядролық реакцияның анықтамасын, жалпы сипаттамасын беріп, өту ерекшеліктерін атаңыз. Ядролық реакцияның табалдырығы, реакцияның энергетикалық шығысы деген не?
В.53 Меншікті байланыс энергиясының массалық санға тәуелділік графигінен ауыр ядролардың ыдырауы мен жеңіл ядролардың синтезінің энергетикалық тиімділігін түсіндіріңіз. Осындай реакцияларға мысал келтіріңіз. Олардың практикалық қолданылуы.
В.54 Екі металдың ішкі және сыртқы контактілі потенциалдар айырмасының пайда болуын зоналық теория тұрғысынан түсіндіріңіз.
В.55 Ядроның тамшы моделі. Осы модель негізіндегі түсіндірмелер мен фактілер. Осы моделді атом ядросының қандай қасиеттері дәлелдейді, оның жетіспеушіліктері қандай?
В.56 Ядроның қабыршықты моделі. Осы модель негізінде қандай эксперименттік дәлелдер жатыр? Осы модель көмегімен қандай негізгі нәтижелер алынды?
– Конец работы –
Эта тема принадлежит разделу:
ЭНЕРГЕТИКА... Ж НЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ... Физика кафедрасы БЕКІТЕМІН...
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: А қосымшасы
Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
Твитнуть |
Новости и инфо для студентов