Реферат Курсовая Конспект
КВ кернеудегі комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар - раздел Философия, Электромагниттік релені сына Комплектілі Трансформаторлы қосалқы Станциялар (К...
|
Комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар (КТП) жиналған немесе құруға толық даярланған күйде жеткізілетін трансформаторлар мен блоктардан (КРУ немесе КРУН және басқа да элементтерден) тұрады.
КТП эксплуатациясы сенімді әрі қауіпсіз, өйткені оның құрылымы ток өтетін бөліктеріне кездейсоқ тиіп кетуден сақтандырылған. Бұзылған коммутациялық аппараттарды тексеру мен ауыстыру жылдам орындалады, демонтаждық және монтаждық жұмыстар және қосалқы станциядан қоректенген басқа да электр қабылдағыштарды ажырату еш қиындық тудырмайды.
КТП келесідей жіктеледі:
Трансформатордың қуаты мен оның санына байланысты;
Бірінші ретті кернеуі бойынша;
Орналасуына байланысты (бір не екі қатарлы, магистральды);
Қондырылатын жерінің қоршаған ортасына байланысты (мысалға, тропик үшін);
Қондырылу түріне байланысты (ішкі және сыртқы).
2-сурет. қуаты 400кВА дейінгі күштік трансформаторының қосылу сұлбасы
3-сурет. қуаты 400кВА жоғары күштік трансформаторының қосылу сұлбасы
Желіге қосылу сұлбасына байланысты (тұйық жалғау, айырғыштар мен сақтандырғыштар арқылы жалғау, ВНП-17 маркалы жүктеме ажыратқышы арқылы жалғау).
Олар негізінен өңдіріс кешендері мен коммуналдық тұтынушыларды электрмен жабдықтау мақсатында төмендеткіш трансформаторлы қосалқы станция ретінде қолданылады. Өңдірістік кәсіп орындарды электрмен жабдықтауда ішкі және сыртқы қондыруға арналған 10кВ дейінгі кернеуге арналған қуаты 160...2500кВА КТП-лар қолданылады.
Ішкі (КТП) және сыртқы (КТПН) қондырулардағы Комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар жоғары 6(10)кВ кернеу кірмесі, (бір не екі) күштік трансформаторы және төменгі (0,4 кВ) кернеулі комплектілі тарату құрылғысы бар блоктардан тұрады, және қорғағыш-коммутациялық аппараттар, өлшеуіш аспаптар, сигнализация мен электр энергиясын есепке алу оның жобасында қарастырылған.
Жоғары кернеулі блоктар алмалы-салмалы есігі бар қорап тәріздес жасалады (қуаты 630 кВА дейінгі КТП үшін) немесе сыртқы (жоғары және төменгі) және ішкі (жоғары бөлігі сеткалы) есіктері бар және үшполюсті сеткамен бекітілген айырғыштары мен ПК типті сақтандырғыштары не оларсыз комплектелген болат парақшаларынан жасалған шкафтардан тұрады. Шкафтың сеткалы есігінің айырғыштан тосқауылдайтын жетегі бар. Шкафтық жоғары кернеулі кірмелер (қуаты 630...2500кВА КТП үшін) жерлестіргіш пышағы мен екі жетектен (ажыратқыш пен жерлестіру пышағына) тұратын ВНП-17 маркалы жүктеме ажыратқышымен комплектелген. Ажыратқыш пен сеткалы есік арасында сеткалы есіктің ашық кезінде ажыратқышты қосуға тосқауыл жасайтын блоктау орналасқан. Жоғары кернеулі блокта қоректенетін кабельдің құрғақ бөлгіші орнатылады.
Трансформатор жоғары кернеуде бос жүріс режимінде немесе номинал жүктемеде жүктеме ажыратқыштары арқылы, ал асқын жүктеме мен қысқа тұйықталуда – сақтандырғыштар арқылы ажыратылады.
КТП-да қолданылатын бүйір кірмелері бар ТМЗ сериялы күштік трансформаторларда азотты қорғанысты жоғары беріктілікті герметикалық бак, сонымен қатар электр контактілі вакуумметрлер (ішкі қысымды қадағалау үшін), қысым релесі, термосигнализаторлары және термосифонды сүзгілер (1 кВ дейінгі ТМЗ-да) орналасады.
КТП-ларда ТМЗ сериялы майлы трансформаторлармен қатар ТНЗ сериялы совтолды толтырылған және құрғақ - шыныталшықты оқшаулағышы бар трансформаторлар қолданылады.
0,4 кВ кернеудегі Комплектілі тарату құрылғылары қозғалмалы автоматтармен, өлшеу, қорғау және сигналды аспаптар мен аппараттармен қамтылған желінің кіріс және шығыс шкафтарынан тұрады. Екі трансформаторлы қосалқы станция төменгі кернеулі кіріс және секциялық шкафпен қамтылған қосымша шкафқа ие. Шкафтардың әрқайсысы металл бөліністермен бөлінген шиналы және коммутациялық бөлікшелерден тұрады. Қосалқы станцияларда ЖК тарату құрылғылары жоқ. Жоғары кернеуді басқару және қорғау аппараттары осы қосалқы станциялар кабель арқылы қосылған тарату құрылғыларында орналасады.
4-суретте күштік трансформатор 2, ЖК кіріс шкафы 3 және ТК тарату құрылғысының шкафы 1 тұратын КТП-630/6-10/0,4 комплектілі қосалқы станцияның жалпы көрінісі бейнеленген.
4-сурет. Бір трансформаторлы КТП 630/6-10/0,4 қосалқы станция:
1-ТК тарату құрылғысының шкафы; 2- қуаты 630 кВА күштік трансформатор; 3-ТК (жоғары кернеулі блок) кірмесінің шкафы; 4- жоғары кернеулі кабель
ЖК кірмесі трансформатор багінің арнайы болат кожухында орналасады. ЖК өтпелі оқшаулағыштары майлы бактың кожухының ішінде болады. Кожухта күштік кабельдің екі шеті орналасады. Контактілі құрылғы әр фазаға бірнеше КТП-ны тізбектей немесе сақинаға жалғауға жол ашатын кабельдің екі жиласын қосуға мүмкіндік береді.
Трансформатор багінің қақпағында май деңгейінің көрсеткіші бар кеңейткіш күбішік пен әуе кептіргіш және газдық реле орналасады. Трансформатордың майлы багінің қарама-қарсы жіңішке жағы кожух арқылы ТК тарату құрылғысының блогына жалғасады. Кожухтың ішінде автоматты әуе ажыратқыштарының кірмесінің шиналары арқылы жалғасқан трансформатордың ТК кірмесі орналасады.
ТК тарату құрылғысының блогы болат шкафта жасақталған және ол кірмелі автоматтан, 200 А токқа есептелген алты сақтандырғыштан (ажыратқыштан) және 400 А токқа есептелген екі сақтандырғыштан (ажыратқыштан) тұрады. Шкафтың ішіндегі сақтандырғышқа ТК желінің шықпалары жалғанады.
5-суретте қуаты 630 кВА кернеуі 10/0,4 кВ екі трансформаторлы ішкі қондыруға арналған жабық шкафты КТП көрсетілген. шкафтар болат парақтардан даярланып, түйісе жалғасқан. Кірменің алшақ шкафтарына кабельдерді жалғау үшін екі үшполюсті айырғышпен және ВНПЗ-17 типті сақтандырғышы бар жүктеме ажыратқыштармен қамтылған шиналар, одан соң күштік трансформаторлар орнатылады. Келесі шкафтарда аспаптар, негізгі автоматтар және шықпалардың автоматтары мен секциондық автоматтар орнатылады.
5-сурет. КТП-630/10 комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияның (а) жалпы көрінісі және (б) сұлбасы: 1,2-негізгі автоматтар; 3-секциондық автомат; 4-желі шықпасының автоматы
Секциондық әуе автомат 3 қалыпты сөндірілген. Кернеу жоғалғанда, мысал үшін трансформатордың сол жақ секциясында негізгі автомат 7 ажырап, секциядағы кернеуді қалпына келтіруші секциондық автомат 3 қосылған.
Сыртқы қондыруға арналған КТП өндірістерде жоғары кернеулерге арналып шығарылады. Трансформаторының қуаты (кернеу 6(10) кВ болғанда), 25...1000 кВА құрайды, ал кернеуі 35 кВ болғанда – 630...16000кВА құрайды.
КТПН-дер сонымен қатар бір трансформаторлы болып та дайындалады. Мұндай трансформатордың сұлбасы 6-суретте бейнеленген.
6-сурет. сыртқы қондыруға арналған комплектілі трансформаторлы қосалқы станция
– Конец работы –
Эта тема принадлежит разделу:
I Электр станциялары б лімі бойынша лабороториялы ж мыстарды та ырыптары... Электр энергияны абылдау ж не тарату рыл ылары...
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: КВ кернеудегі комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар
Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
Твитнуть |
Новости и инфо для студентов