рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі

Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі - Лекция, раздел Образование, Аржы нарығы делдалдары Тәуелсіздік Жылдары Ішінде Қазақстан Рыногында қаржы ...

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан рыногында қаржы делдалдығы қызметін атқаратын қаржы институттарының желісі де қалыптасады. Бұл жүйедегі маңызды орынды банктер алады. Банк - ҚР-ның заңдарына сәйкес депозиттік, кассалық, аударым, есепке алу, ссудалық және т.б. операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктің анықтамасынан көріп отырғанымыздай оның негізгі тағайымы-ақша қаражаттарының несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға өтуіндегі делдалдық. Банктермен қатар рыноктарда ақша қаражаттарының алмасуын өзге де қаржы және несие мекемелері: инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т.б. жүзеге асырады. Бірақ қаржы рыногының субъектісі ретінде банктердің екі негізгі ерекшелейтін белгілері бар:

Қарыздық міндеттемелердің екілік айырбасы яғни олар өздерінің жеке қарыздық міндеттемелерін (депозиттерін, жинақтаушы сертификаттарын т.б.) орналастырады, ал осы негізде жұмылдырған қаражаттарды басқалар шығарған қарыздық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға орналастырды. Қаржы рыногында қызметін өзінің қарыздық міндеттемелерін шығармай жүзеге асыратын қаржы брокерлері мен дилерлерінен банктерді міне осы ерекшелейді.

Заңды және жеке тұлғалардың алдында өзіне қарыз сомасы бекітілген шартсыз міндеттемелер алу. Бұл мәселеге клиент қаражаттарын шарттарға және салымдарға орналастыру кезінде депозиттік сертификаттар шығару кезінде және т.б. көрініс табады. Бұл банктерді ресурстарын өз акцияларын шығару негізінде жұмылдыратын әр түрлі инвестициялық қорлардан ажыратады. Қарыз сомасы бойынша белгіленген міндеттемелерде банк үшін едәуір тәуекел болады, өйткені олар ештеңеге қарамастан толық көлемде төленуі тиіс, ал инвестицтялық қор оның активтері мен пассивтері құнының өзгеруімен байланысты барлық тәуекелдерді өзінің акционерлері арасында бөледі.

Жаңа міндеттемелерді туындату және оларды басқа контрагенттердің міндеттемелеріне алмастыруымен байланысты бұл процестің түгелі банктің қаржы делдалдығының негізін құрайды. Осы секілді трансформация нарықтық экономикада ерекше маңызды. Ол ұсынылатын және талап етілетін сомалардың, мерзімдердің, табыстылықтың т.б. сай келмеуінен пайда болатын жинақтаушылар мен қарыз алушылардың арасындағы тікелей қарым-қатынастың қиындықтарын өткеруге мүмкіндік береді.

Банктердің ерекшеліктеріне байланысты оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық банктер – ақша белгілерін айналымға шығаруға деген айрықша құқыққа ие болған орталық банктер. Әртүрлі елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды. Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Ұлттық Банктің басты міндеті айналымға ақша шығару, банктер арасында ақша тауарын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысушылық қызметін басқару болып табылады. Ол еліміздің банк жүйесінің ең жоғарғы деңгейі.

Эмиссиялық банк ешбір басқа банктердің бірігуіне иелік ете алмайтындай ірі көлемдегі қаражатқа иелік етеді. Бұл оған барлық басқа банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметіне басшылық етуге мүмкіндік береді. Барлық қалған банктер эмиссиялық емес, өйткені айналымға ақша шығаруға құқылы емес.

Ұлттық Банктің негізгі қызметтеріне келесілер жатады:

· Эмиссиялық қызмет – бұл орталық банктің неғұрлым маңызды қызметтерінің бірі. Қазіргі заманда қолма-қол ақша қолма-қолсыз ақшаға қарағанда маңызды болмаса да банкноттық эмиссия өз мәнін сақтайды, өйткені қолма-қол ақша баяғыдай төлемдердің едәуір бөлігі үшін және қарыздық міндеттемені толық өтеу қаражатын иеленуі тиіс несие жүйесінің өтемпаздығын қамтамасыз ету үшін қажет.

· Аккумуляциялау және коммерциялық банктер үшін кассалық резервтер сақтау қызметі, бұл дегеніміз ұлттық несие жүйесінің қатысушысы болғандықтан әрбір коммерциялық банк Ұлттық Банктің резервтік шотында өз салымының мөлшеріне белгілі бір арақатынаста болатын соманы сақтауға міндетті.

· Дәстүрлі қызмет – елдің ресми алтын-валюта резервтерін сақтау.

· Несие беру және үкіметтік органдар үшін есеп айырысу операцияларын орындау. Мемлекеттік бюджетте елдің ЖІӨ-ң жартысына дейінгі және одан да көп бөлігі шоғырланады. Бұл қаражаттар Ұлттық Банктегі шоттарда жинақталады және олардан жұмсалады. Сондықтан Ұлттық Банк үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті билік органдарының есеп шотын жүргізеді, осы шоттарға қаражаттарды шоғырландырып, төлемдерді солардан жүргізеді.

· Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.

· Тікелей қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ссудалар мен мемлекеттік облигацияларды сатып алу формасында мемлекетке несие беру.

· Үкіметтік органдардың тапсырысы бойынша алтын және шетел валютасымен операциялар жүргізу.

· Ақша саясатының (ең алдымен ақша массасының өзгеруін реттейді) және несие саясаты (кредит көлемін, пайыздық ставкалардың деңгейін және ссудалық капитал рыногының өзге де көрсеткіштерін реттеуге бағытталған) іс шараларының жиынтығын білдіретін ақша-несие саясатын жүзеге асыру.

Коммерциялық банктер өнеркәсіптік, сауда және т.б. кәсіпорындарды негізінен өздері салымдар түрінде алатын ақша капиталдары есебінен несиелеу бойынша әмбебап операцияларды жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік банктер болып табылады.

Коммерциялық банктер қызметіне мыналар жатады:

· мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру (ағымдағы шоттарды жүргізу) және осы банктерге жазып берілген чектерді төлеу;

· кәсіпкерлерге несие беру;

· барлық ұлттық шаруашылықтар масштабында есеп айырысуды жүзеге асыру және төлем айналымын ұйымдастыру және т.б.

Коммерциялық Банк – шаруашылық есеп айырысу негізінде қызмет ететін заңды тұлға болып табылатын дербес шаруашылық субъект. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік және байланысқа қарағанда банктер өндіріс сферасында емес, айырбас сферасында қызмет етеді. Олар ресурстарды тартады, несие береді, яғни қайта бөлу сферасында қызмет етеді, тауарлар айырбасына септігін тигізеді.

Банктер орындайтын қызметтердің көлеміне қарай әмбебап және мамандандырылған коммерциялық банктер болады.

Әмбебап коммерциялық банктер – бұл көптеген қаржы операциялары мен қызметтерін орындайтын несие мекемелері. Бүгінгі таңда коммерциялық банк өз клиенттеріне 200-ге дейінгі алуан түрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынуға қабілетті. Мұндай кең ауқымды операциялардың болуы коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтауға және қолайсыз конъюктура жағдайында да табысты болуына мүмкіндік береді.

Мамандандырылған банктер – банктің бір немесе бірнеше қызметтерін орындайтын, сондай-ақ өз қызметін белгілі бір экономика сферасында жүзеге асыратын несие мекемесі.

Функционалдық мамандандыру негізінде банктерді: инвестициялық, иннновациялық, ипотекалық деп бөлуге болады.

Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімді ссудалар беруге және ұзақ мерзімге соның ішінде облигациялық заемдар, акциялар мен өзге де бағалы қағаздарды шығару арқылы ақша қаражатын шоғырландыру ісіне маманданды. Көбіне-көп инвестициялық банктер ұзақ мерзімді салымдарға қаражаты жеткіліксіз кәсіпорындар мен ұзақ мерзімге қаражат салатын салымшылар арасындағы делдалдық мекемені білдіреді. Инновациялық банктер бұл да инвестициялық банктер, бірақ та тек технологиялық жаңалықтарды (инновацияны) жасау мен игеруді несиелейді.

Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала тоырып ұзақ мерзімдік негізде қаражаттарды тарту мен орналастыру жөніндегі несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктердің пассивінде едәуір үлесті ипотекалық облигациялар, акциялар мен бағалы қағаздар құрайды.

Салалық және аймақтық банктердің мамандану дәрежесі, олардың активтері мен пассивтерінің қалыптасуындағы өзгешелік айтарлықтай шекте олардың қызмет сферасына сондай-ақ сала ұйымдарының ерекшеліктерімен, өндіріс процесінің өзге де ауытқушылықтарымен байланысты айырмашылықтарға тәуелді.

Аймақтық белгісі бойынша банктер: жергілікті (аймақтық) және бірқатар аймақтардың қажеттіліктеріне қызмет көрсететін, жалпы бір елдің, халықаралық деп бөлінеді. Әрине, іс жүзінде таза күйінде қандай да бір банкті кездестіру қиын, өйткені іс жүзінде тек қысқа мерзімді несие беретін, тек өнеркәсіптік кәсіпорындарға несие беретін, жекелеп алынған аймақтық клиенттеріне ғана несие беретін банк табыла қоймас. Қазіргі экономикада қызметінің басты бағыттарын сақтау жағдайында банк орындайтын операциялардың комбинациясын табу жеңілірек. Міне осы бізге олардың жекеленген типтерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Меншік сипаты бойынша банктер мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жекеше, муниципалды, аралас болуы мүмкін. Мемлектетік типтегі банктерде банк капиталына меншік тұрғысынан мемлекеттілік белгісі негіз болып табылады. Мұндай банктер қызметінде негізгі белгісінен бастау алатын белгі оның мемлекеттік ұлттық мүддеге бағынушылығы болады. (Мәселен, эмиссиялық банктердің жүйесі арқылы ақша айналымының тұрақтылығын қолдау коммерциялық банктердің мемлекеттік жүйесі арқылы қандай да болмасын салаларды не аймақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру). Бұл банктердің ерекшеліктері сонда, олардың бастапқы капиталы меншіктің басқа формаларына жататын өзге де бөліктерден тұруы мүмкін болғандықтан акционерлік болып табылады. Алайда, бұл осы банктердің қызмет сипаты бойынша мемлекеттік болып табылуына кедергі қылмайды.

Қазіргі банк ісінде меншіктің неғұрлым кең тараған формасы - акционерлік. Әртүрлі заңды және жеке тұлғалар акционерлер бола алады. Меншіктің мемлекеттік формасының басым болуы табиғи нәрсе болып табылатын мемлекеттік банктердің құрамында да өзінің құрылтайшылары ретінде өзге де заңды тұлғалардан, мәселен, басқа банктерден тұруы мүмкін. Мұндай мемлекеттік банктің капиталы акционерлік болып табылады.

Әдебиет: 6 нег. [33-52]; 26 [45-56].

Бақылау сұрақтары:

1. Банк дегеніміз не?

2. Банктердің негізгі түрлері қандай?

3. ҚР-да банктердің қандай түрлері қызмет етеді?

4. Коммерциялық банктің делдалдық қызметінің мәні неде?

5. Банктердің лизингілік, факторингілік, консалтингілік қызметтері нені білдіреді?

 

10-дәріс. Кредиттік серіктестіктер делдалдық қызметі

 

Қаржы делдалдарының ажырамас бөлігі болып мамандандырылған қаржы институттары табылды. Олар бір-екі операцияларды орындауға не экономиканың белгілі бір сфераларда қызмет етуге маманданады. Мұндай қаржы институттарына кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, қаржы компаниялары және т.б. жатады.

Кредиттік серіктестіктер өз қызметін ссудалық және басқа да банк операцияларын жүргізуге тиісті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде жүзеге асырды. Көбіне көп мұндай уәкілетті мемлекеттік орган елдің орталық банкі болды. Қазақстанда ол- ҚР-сы Ұлттық Банкі. Кредиттік серіктестіктер аса жоғары емес проценттермен жеке тұлға салымдарын тарта алады, сондай-ақ салыстырмалы түрде ұзақ емес мерзімдерге жеке тұлғалар мен шағын бизнестің шаруашылық субъектілеріне аса ірі емес сомада несиелер береді.

Кредиттік серіктестік ҚР-ның қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі берген лицензия негізінде банктік және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырылатын коммерциялық ұйым болып табылады. Кредиттік серіктестіктердің мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі немесе қатысушыларының міндетті салымдары мен қосымша жарналары, кредиттік серіктестіктердің алған кірістері, сондай-ақ ҚР-сы заңдарын тыйым салынбаған өзге де көздерден құрылады.

“Несиелік серіктестік туралы” ҚР заңына сәйкес, несиелік серіктестік – бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:

1) несиелік-депозиттік серіктестік - заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.

2) ауыл несиелік серіктестігі - өзара несие беру үшін, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

3) несиелік серіктестік – коммерциялық ұйым.

Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарындағы ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада құрыла алады:

· коммандиттік серіктестік;

· толық серіктестік;

· жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

· акционерлік қоғам.

Кредиттік серіктестіктері мемлекеттік қорғау ауылшаруашылық өндірісін несиелеу үшін, тиісті жылға арналған бюджетте көзделген сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Құрылтай шарты және жарғы, кредиттік серіктестіктердің құрылтай құжаттары болып табылады.

Кредиттік серіктестіктердің құрылтай шартында ҚР-сы Заң актілерімен қарастырған мәліметтерден басқа да:

1. Кредиттік серіктестіктеріне кіру кезінде төленуге жататын міндетті салымның ең аз мөлшері

2. Кредиттік серіктестіктердің қатысушыларының міндетті салымдарды енгізуді тәртібі мен шарттары;

3. Кредиттік серіктестіктердің таза пайдасын бөлу тәртібі қарастырылуы керек.

Кредиттік серіктестіктердің қатысушылары мыналарды істей алады.

1. Кредиттік серіктестіктің қызметтерін пайдалану;

2. Кредиттік серіктестіктің істерін басқаруға қатысу;

3. Кредиттік серіктестіктің органдарына сайлау немесе сайлану;

4. Заң мен серіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес кредиттік серіктестіктің қызметінен пайда алу;

5. Заң мен кредиттік серіктестіктің жарғысында көзделген тәртіпте кредиттік серіктестікке қатысуды тоқтату;

6. Кредиттік серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алу, серіктестіктің жарғысымен көзделген тәртіпте оның бухгалтерлік және өзге де құжаттарымен танысу;

Кредиттік серіктестіктерге қатысу қатысушының кредиттік серіктестік алдында, өзіне алған мүліктік міндеттемелерін орындағаннан кейін өз еркімен шығуы арқылы тоқтатылуы мүмкін.

Кредиттік серіктестік қатысушысы кредиттік серіктестіктің құрылтай және өзге де құжаттары бойынша міндеттерін бұзған кредиттік серіктестік алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, сондай-ақ кредиттік серіктестікке зиян келтірген жағдайда серіктестік жалпы жиналыстың шешіміне сәйкес сот арқылы осындай қатысушының үлесін мәжбүрлі түрде сатып алуды және оның қатысушылар қатарынан шығарылуы талап етуге құқылы.

Кредиттік серіктестіктің қатысушысы үлесті мәжбүрлі түрде сатып алу және шығару туралы шешімге сот тәртібімен шағым келтіре алады.

Кредиттік серіктестіктің ұйымдық құрылымын келесідей қылып көрсетуге болады:

 
 

 

 


Кредиттік серіктестіктің ұйымдық құрылымы

Сызбадан көріп отырғанымыздай кредиттік серіктестіктердің органдары:

1.Жоғарғы орган - кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы;

2.Атқарушы орган – басқарма;

3.Қадағалаушы орган - ревизиялық комиссия (ревизор), кредиттік серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу тәртібі кредиттік серіктестіктің жарғысымен қарастырылады.

Жалпы жиналыс кредиттік серіктестіктің жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес шешімдерді қабылдайды, басқарманың шешімдерін бұзады не бекітеді.

Кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне:

1.Кредиттік серіктестік қызметінің бағыттарын анықтау;

2.Кредиттік серіктестіктің кредиттік және инвестициялық саясаты жасау;

3.Басқарма, ревизиялық комиссия (ревизор) мүшелерінің және кредиттік серіктестіктердің басқа да қызметкерлерінің еңбек ақысының мөлшерін анықтау тәртібін бекітіу;

4.Қатысушылардың қосымша жарналар енгізу тәртібін белгілеу;

5.Кредиттік серіктестіктің активтерін есептен шығару тәртібі бектіу;

6.Кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдау мен шығарудың тәртібі;

7.Кірістер мен шығыстардың жылдық сметасын бекітуге және оның орындалуы туралы есебі;

8.Есеп саясатын қалыптастыруға;

9.Жылдық қаржы есептілігін бекітуге;

10.Өзге де мәселелерге қатысты ішкі ережелер мен өзге де құжаттарды бекіту жатады.

Жалпы жиналыс оған кредиттік серіктестік қатысушыларының 50%-нан көбі қатысқан жағдайда заңды болады. Күн тәртібіне енгізілген мәселесі бойынша шешім қабылдаушыларының білікті көпшілігімен немесе бірауыздан қабылдануы тиіс болған жағдайда, жиналыс оған барлық қатысушылардың 2⁄3-тен артығы қатысса шешім қабылдауға құқылы.

Әдебиет: негізгі13 [56-77]; 9 [59-70]

Бақылау сұрақтары:

1. Кредиттік серіктестік дегеніміз не?

2. Несиелік сркітестікті құрудың тәртібі қалай?

3. Кредиттік серіктестіктің қызметі неде?

4. Кредиттік серіктестіктердің басқару ұйымы қалай?

5. Қазақстанда қандай кредиттік серіктестіктер қызмет етеді?

 

 

11-дәріс. Ломбард және өзге қаржы делдалдық ұйымдардың қызметі

Қаржы нарығындағы өзге делдалдық ұйымдарға ломбардтар, пошта-жинақ мекмелері, микрокредиттік ұйымдар мен ипотекалық компаниялар жатады.

Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі ҚР-сы Заңдарының талаптарына сәйкес ломбардтар қызметтеріне тексеріс жүргізеді.

ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы N 314 “Ломбард туралы” ережесіне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ондай операцияларға мыналар жатады:

· ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді сипаттайды;

· бағалы металлдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металлдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

· сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;

· келісім-шарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;

· заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.

Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкін.

Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлік қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.

Ломбардтар филиалдар мен өкілдіктер құруы мүмкін. Филиалдар не өкілдіктер ашқан ретте әділет органдарында филиалды есептік тіркеуден өткізілгеннен кейін 14 күндік мерзімде ломбард қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агентігіне филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы әділіт органдарының куәлігімен қоса филиал ашылғаны туралы хабарлама береді.

Ломбард келесідей жағдайда таратылуы мүмкін:

1. ерікті тарату кезінде қатысушылардың шешімі бойынша;

2. мәжбүрлеп тарату кезінде ҚР-сы заң актілерімен көзделген жағдайда сот шешімі бойынша;

Ломбардты ерікті түрде таратуға қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу немесе қадағалау Агенттігінен келісім алудың міндетті шарты оның міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға ломбард қаражаттарының жеткіліктілігі болып табылады.

Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне - пошта-жинақ мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері – ұсақ салымшылардың қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің құрылуы біздің елімізде әлі де болса кешеуілдік танытуда. Бізде әзірге мұндай банктердің ролін атқаратын Қазпошта мекемесі жұмыс жсауда.

Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарда көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ, банктік заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір көрсететін қызметтері дами алмай отыр.

Ипотекалық компанияларда Қазақстанда ипотекалық несиелеудің дамуына үлес қосып отырған мекемелерге жатады. Мұндай компаниялар екінші деңгейдегі банктер тарапынан құрылуда. Мысалы, Тұран-Әлем банктің ипотекалық компаниясы бар және т.с.с

Микрокредиттік ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдарды болып табылады.

Мұндай микрокредит сомасы 1000 айлық есеп көрсеткішінен аспайтын мөлшерде беріледі.

 

Әдебиет: негізгі13 [56-77]; 9 [59-70]

Бақылау сұрақтары:

6. Кредиттік серіктестік дегеніміз не?

7. Несиелік сркітестікті құрудың тәртібі қалай?

8. Кредиттік серіктестіктің қызметі неде?

9. Ломбард дегеніміз не?

10. Ломбардтың қызметі неде?

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Аржы нарығы делдалдары

На сайте allrefs.net читайте: Аржы нарығы делдалдары. ЛЕКЦИЯЛЫ КЕШЕН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардыv

Сынылатын әдебиеттер
Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26]. Бақылау сұрақтары: 1. Қаржы рыногы дегеніміз не? 2. u

Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы
Депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалыu

Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы
  Валюталық рынок қаржы рыногының әртүрлі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша u

Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру
Бағалы қағаздар нарығы – нрақытың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналасаттыру және қ

Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы
Қаржылық рыноктық маңызды сегменттердің бірі сақтандыру рыногы болып табылады. Сақтандыру - бұл тараптардың бірі екіншісін сақтандыру

Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып о

Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі.
Айтылып келгендей “инвестиция” ұғымы кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді б

Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары
Президенрт Жарлығына сәйкес ҚР қаржы рыногындағы қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган 2004ж. құрыл

Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.
Дүниежүзілік қаржы нарықтарының құрылымына мыналар жатады: - Халықаралық қор нарығы - дүниежүзілік ва

Глоссарии
  1. Айырбасталымды еврооблигациялар – бұл бағалы қағаздың екі типінің: айырбасталынатын облигацияның да, еврооблигацияның да сәй

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги